Мирзиёев Парижден жүлдемен оралған спортшыларын ақшаның астында қалдырды
13.08.2024
293
Ташкентте Париж-2024 XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алу және марапаттау рәсімі өтті. Олимпиадада чемпион атанып, жүлдегер болған Өзбекстан спортшыларына сый-сыяпаттар табысталды, деп хабарлайды Ozgeris.Info тілшісі aktualno.uz басылымына сілтеме жасап.
Өзбекстан үкіметі алтын медаль алған 8 спортшыға 200 мың АҚШ доллары көлемінде сыйлық, Chevrolet Tahoe автокөлігімен бірге 2 қабатты үй тарту етті. Ал күміс жүлдегерге 100 мың доллар және BYD Song Plus EV Champion автокөлігі мен пәтер табысталды. Қола жүлде иегерлері де 50 мың доллар мен BYD Song Plus DME Champion автөлігіне ие болды.
Еске салсақ, Париж Олимпиадасында өзбек спортшылары 8 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлде иеленген болатын. Осылайша, Өзбекстан алғаш рет Олимпиада ойындарында бейресми жалпы командалық есепте 13-орынға тұрақтады.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026