"ҚР Еңбек сіңірген артисі, Ерен еңбегі үшін және Еңбек ардагері медальдерінің иегері, театрымыздың артисі Қажығалиева Күләш Сопқанқызы өмірден өтті. 1969 жылдан бастап тынбай еңбек етіп, жемісті жұмыс жасаған артист Б.Соқпақбаев "Менің атым Қожа" - Жанар, "Қызыл сұңқарлар" - Маруар, Иран-Ғайып "Қорқыттың көрі" - Қамқа шеше, Ш.Айтматов "Ыстықкөл трагедиясы" - Кемпір, "Ақ кеме" - Кемпір, С.Балғабаев "Қыз жиырмаға толғанда" - Ғани, Ә.Тарази "Жақсы кісі" - Балзия, О.Бөкей "Атау-Кере" - Марфа, "Ауылдан келген ару" - Сәндігүл, С.Балғабаев "Ең алғашқы Жаңа жыл" - әже, А.П.Чехов "Шағала" - Полина Андреевна және т.б. рөлдерді сәтті сомдаған. Өнердің аңыз, театрымыздың абыз анасынан айырылу орны толмас үлкен қайғы. Отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз", - делінген қазанамада.Айта кетейік, актрисаның жаназасы 13 қыркүйек сағат 10:00-де Розыбакиев көшесі, 70-ші үй, 26-шы пәтерде өтеді. Қонақасы 13.09.24 сағат 13:00-де Ару-Ана мейрамханасы, Төле би көшесі, 191-де болады.
«Менің атым Қожадағы» Жанардың рөлін театрда сомдаған актриса дүниеден озды
13.09.2024
243
ҚР Еңбек сіңірген артисі, Ерен еңбегі үшін және Еңбек ардагері медальдерінің иегері Қажығалиева Күләш Сопқанқызы өмірден өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026