«Мені алдап кетті»: әзілкеш Уәлибек Әбдірайымов қиын жағдайға тап болғанын айтты
04.11.2024
272
Қазақстандық танымал әзілкеш Уәлибек Әбдірайымов өзін толық метрлі фильмде актер ретінде сынап көрді. Белгілі актер Қайрат Әділгерей оны киноға түсу үшін көндіру оңай болмағанын жеткізді.
Қайрат Әділгерей "Кеттік бәрін таста" фильміне Уәлибек Әбдірайымовты көндіру үшін барын салғанын айтты.
"Уәлибек Әбдірайымов бізде әзілдің атасы ғой. Кастинг директор бізге қалай болса да Уәлибек Әбдірайымовты осы киноға шақыру керек екенін айтады. Бұл оңай іс болған жоқ. Бұл кісі бұған дейін қаншама кинодан бас тартты. Қалай келіскенімізді айтпай-ақ қояйын. Оны көндіру үшін барымызды салдық. Ағамыз сөзімізді жерге тастамады. Әлі күнге дейін рақмет айтамын", - деді актер.
Уәлибек Әбдірайымов та алғаш түскен фильміне қатысты пікір білдірді.
"Сценарий ұнады. Маған "құлдардың атаманы боласыз" деді. "Былапыт сөздер, орысша сөздер жоқ па?" деп сұрадым. Маған ондай болмайды деді. Сосын келістім. Бірақ мен түскен жерлерде ғана болмапты ондай сөздер. Оңбағандар, мені алдап кетті. Мен бұл киноға бір сөз айтуға ғана бардым. "Шаншарда" хит болған сөзіме бола түсіріпті ғой. Бір сөз үшін ғана түсірді", - деді әзілкеш "Қызық Times" бағдарламасында.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026