"15 жасымда алғашқы жазған әнім "Сағыныш сазы", 90 жылдары жазғанмын. 2008 жылы Мейрамбек Беспаев орындауындағы "Түнгі сыр", "Сен үшін жаралғандаймын әндерін жаздым. Түркістандық Бағлан Омаров деген композитор кісі бар. Сол кісі арқылы студиясына тастап кеткенмін. Мейрамбек Беспаев сол студиядан тыңдап көріп, алыпты орындауына. Сол студиядан, рұқсат сұрап алды. Гонорар төледі. 1000 доллар берді екі әнге. Нотаға түсіру үшін ақшам болмады, өзім нота білмеймін. Авторлық құқықты иелену үшін тек мәтіндерін апарып, үш-төрт әннің нотасын жоқтан бар жасап, тіркегенім бар. Мейрамбек Бесбаев сөзін ауыстырайық деп рұқсат сұрады, сөзін Серікзат Дүйсенғазин сөзін ауыстырып берді. Ол кісімен бетпе-бет таныспағанмын, тек сырттай білемін. Болатбек Досаев "Жігер" тобының әншісі "Арайлым" әнін алған", - дейді ол.Қазір сазгер әндеріне гонорар алып, жазған әндері ел жүрегінен орын табуын қалайды.
"Мейрамбек Беспаевтан бастап...": Талай әншінің жұлдызын жаққан композитор қазір далада қалған
08.04.2025
335
Мейрамбек Беспаев, "Жігер" тобының солисі Болатбек Досыбаев сынды әншілердің орындауындағы танымал әндердің авторы Біржан Асқаров бүгінде күнкөріс үшін қара жұмыс істеп жүр. 15 жасынан бастап ән жазумен айналысқан автор әйгілі әндері үшін гонорар да алмайтынын айтады, - деп хабарлайды Ozgeris.info порталы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.
Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген Біржан Асқаров бүгінде Алматы қаласында тұрады. Айтуынша, оның қазір тұрақты жұмысы жоқ. Өзінің танымал әндері үшін де ешқандай гонорар алмайды. Ал сазгердің жазған әндерін Мейрамбек Беспаев, Талғат Жорабаев, Болатбек Досыбаев сынды орындауында халық жақсы таниды. Ол өзінің жағдайын бағдарламада баяндап берді.
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026