«Медаль алмаса да үш көлік мінді»: Абиба Әбужақынова өзіне тағылған сынға жауап берді
28.11.2024
280
Дзюдодан Париж Олимпиадасында медаль ала алмай қалған Абиба Әбужақынова елге келгеннен кейін өзіне жасалған сыйлықтардан соң қоғам тарапынан сынға ұшырағанын айтып, көпшілікке қарата жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дзюдошы YouTube желісінде Ақырыс Сейтқазыға берген сұхбатында осы туралы ой қозғады. Айтуынша, өзіне медаль әкелмесе де сыға үш көлік алғанын айтатындар көп болған.
«Сыйлықты маған ол адамдар (ред. – сынағандар) берген жоқ. Олар алып көрген жоқ. Сол үшін көреалмаушылық деп қабылдаймын. Өз басым біреу не алса да қуанамын. Маған кімге не сыйлық жасағаны қызық емес. Маған бір көлігіңді анаған, біреуін мынаған бер деп жазғандар болды. Сен неге бәрін аласың деп жазғандар болды. Сыйлықтар ол адамдардан жиналған ақшаға берілген жоқ. Қор ашып, халықтан ақша жинап, көлік алып берген жоқ. Олар – жеке кәсіпкерлер, жеке қалталарынан беріп жатыр. Менің күресім оларға ұнаған, оған дейін де жанкүйер болған.
Үш көліктің біреуін Атырау облысындағы жеке компания берді, әкім сыйлаған жоқ. Екіншісін өзімнің «Жеңіс» клубым сыйлады, мен ол жақта капитанмын. Ал үшіншісін, яғни ең алғашқысын бір депутат берді», - дейді Абиба Әбужақынова.
Айта кетейік, отандасымыз Париж Олимпиадасының қола жүлдесі үшін таласта 18 жастағы швециялық Тара Бабулфаттан ұтылып қалған болатын.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026