«Маймыл» көргендей күледі»: Мұрат Әбділдә түрмедегі кезі туралы жан сырын ақтарды
19.09.2024
294
TikTok жұлдызы Мұрат Әбділдә түрмедегі кезі туралы жан сырын ақтарды. Бірнеше апта бұрын бостандыққа шыққан ол Qogam Dauysy жобасына берген сұқбатында алдағы жоспары қандай екенін де айтты.
Мұрат Әбділдә абақтыда жатқанда алдымен дінге бет бұру туралы ой келгенін жасырған жоқ. Дегенмен TikTok жұлдызы мұндай қадамға әзірге дайын емес көрінеді.
"Дінге бет бұру туралы ой туды, бірақ оны жасамадым. Ол жерде (абақтыда-ред.ескертпесі) қылмыс жасаған жігіттер намазға бет бұрған. Өте дұрыс, Алла жүректеріне иман берсін. Бірақ шықан соң ұмытып кетпесе деймін. Ал мен қазір өзім дайын болмағандықтан, өз-өзімді алдап, намаз оқыған жоқпын. Той-томалақта, ішетін жерлерде жүремін. Қазір оқымаймын", - деді ол.
Осы ретте блогер абақтыда сый-құрметке ие болғанын атап өтті. Ол екі жарым жылдың ішінде өзіне емін-еркін жүруге мүмкіндік берген түзету мекемесіне алғыс айтып та үлгерді.
"Абақтыға бостандықтан жігіттер келіп жатты. Олар бұрынғы ішіп, балағат сөз айтып жүргенімді көріп, мені дені дұрыс емес деп ойлайды екен. Мені көріп, "маймыл" көргендей күледі. Мен өмірде басқа, салмақты адаммын. Бастапқыда солай қарап жүреді. Содан шақырып алып, "Бауырым, сен неге күліп жатырсың? Күле беретін мені "маймыл" көріп тұрсың ба?" дейтінмін. Содан жігіттер түсініп, мені барлығы дерлік "Мәке" деп сыйлап кетті. Олар менен "2,5 жыл қалай сабырлық танытып жүрсіз, менің жүйкем жұқара бастады, бұрын сізді біртүрлі деп ойлаушы ем" дейтін. Мен түзету мекемесінде де ешкімге зиянымды тигізген адам емеспін. Бәрі мені сыйлады, "Мұрат Әбділдә" деп еркелетті, емін-еркін жүрдім, шектеу қойған жоқ, бәріне алғысым шексіз. Мекемедегі мәдениет сарайы менікі болды", - деді Мұрат Әбділдә.
Осы ретте TikTok жұлдызы екі рет ажырасқанын, ал қазір назары тек шығармашылықта екенін айтты. Алдағы уақытта ол тыңдарманын жаңа туындыларымен қуантпақ.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026