"Маған ол кісі керек емес, менің өз әкем бар. Құдайға шүкір, қазіргі әкем өте тамаша кісі. Өз әкем кішкентай кезімізде бізді тастап кеткен. Нағашы атамның қолында өскен қызбын. Сол кездегі барлық болған жағдай әлі күнге есімде. Қазіргі әкем мені оқытып, тоқытты. Оған алғысым шексіз. Ал өз әкемді көргім де, естігім де келмейді", - деді қызы.Ал Тұрғынбек Шалбаев қыздарынан кешірім сұрап, өзінің өмір бойы қой баққанын айтты. Аталмыш оқиға желі қолданушыларының арасында қызу пікір тудырды. "Қазір алимент төлемей жүргендер болашақта осылай отырасыңдар", "Не болды сонша? Алқаш емес, ауру емес өз қаны ғой", "Сауап болды, жас кезінде көмектеспеген әкенің қазір не керегі бар", "Қате бір жақтан болмайды, қате екі жақтан болады", "Қыздары дұрыс істеді", - деп жазды олар.
"Маған әке керек емес": Туған қыздары бас тартқан қарияның оқиғасы көпті жылатты (ВИДЕО)
18.03.2025
311
"Астарлы ақиқат" Тараз қаласындағы қарттар үйін паналап жүрген Тұрғынбек Шалбаев туралы сюжет дайындады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Тұрғынбек атаның айтуынша, екінші әйелінен екі қызы бар. Бүгінде қария сол перзенттерін көргісі келеді. Белгісіз себептермен отбасынан ажыраған ол туған балаларын 30 жылдан аса көрмеген. Редакция қызметкерлері қарияның қыздарына хабарласып көрді.
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026