«Мадақтайтын видео таралды»: депутат Бапи Дариға Назарбаева туралы мәлімдеме жасады
20.11.2024
279
Мәжіліс отырысында депутат Ермұрат Бапи сенаттың бұрынғы төрағасы Дариға Назарбаева туралы сөз қозғады. Ол әлеуметтік желіде бұрынғы жүйені аңсайтын видео жарияланғанын мәлімдеп, бұны "саяси манипулация" деп атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Жақында әлеуметтік желілерде парламент сенатының бұрынғы төрайымы Дариға Назарбаеваны мадақтайтын видео таралды. Оның "адамгершілік қасиеттері" басқалардан артық болса, ешкім дау айтпас еді. Алайда ол елде саяси маңызы жағынан екінші қызметті атқарғанын естен шығармауымыз керек. Сондықтан бұны бұрынғы жүйені мадақтауды көздейтін саяси манипуляция деп қабылдауымыз керек", - деп мәлімдеді Ермұрат Бапи.
Оның пікірінше, мұндай әрекеттер "қоғам бірлігіне сызат түсіреді". Бапи оны "іріткі салу, кек қайтару немесе ескі тәртіпке қайта оралуға" талпыныс деп атады.
Депутаттың мәлімдеуінше, "бұрынғы жүйенің басқа да өкілдері", сонымен бірге қаңтар оқиғасына қатысы бар адамдар қоғамға іріткі салатын идеяларды енгізіп жатыр.
"Қазір олар ұлттық дәстүрге қарсы идеология таратып, қарымта қайтару мақсатын көзейтін көңіл-күй енгізуге талпынып жатыр. Олардың мақсаты – әлеуметтік наразылық арқылы қоғамға іріткі салу. Олар танымал интернет-ресурстарды қаржыландырып, солардың платформаларын саяси толқулар тудыру үшін пайдаланып жатыр. Менде осы әрекеттер туралы инсайдерлік ақпарат бар", - деп мәлімдеді депутат.
Ермұрат Бапи ҰҚК-дан осындай идеялар дереккөздерін анықтап, бұл адамдардың кімдер екені туралы қоғамға мәлімет беруді сұрады.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026