Актриса Қозы Көрпеш – Баян сұлу сериалына кеткен қаржыны мемлекетке қайтаруды талап етіп отыр. Оның айтуынша, бұл жоба бюджеттік қаражат есебінен түсірілген, бірақ сериал қоғамның, әсіресе зиялы қауымның сынына ұшыраған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
– Бұл сериал ұлттық арнада көрсетілді. Демек, халықтың салығынан жиналған ақшаға түсірілген. Ал негізгі рөлді сол кездегі әкімнің қызы ойнады. Мұндай «түсініксіз кастинг» қалай өтті? – деп ашынды актриса.
Ол режиссер әрі продюсер Баян Алагөзова бастаған топ өзіне шабуыл жасағанын да мәлімдеді.
– Мен тек пікірімді айттым. Содан кейін Баян, Бағым, бәрі жабылып, боқтады. «Сен ешкім емессің», «нөлсің», «бездарная» деп айтты. Баянмен бірге оқыдым. Ол кезде мен музыка-драма бөлімінде оқып жаттым, ол енді ғана түскен. Мен көшеден келген адам емеспін, білімдімін. Қолымдағы құжаттармен любой адамды құлата аламын, – дейді ол.
Актриса бұл жағдайдан кейін өзін қаралау науқаны басталғанын айтып отыр. Айтуынша, сыни пікір білдіргені үшін жеке басына тиісу жиілеп кеткен.
Айта кетейік, бұған дейін актер Тұңғышбай Жаманқұлов Finx фильміне бөлінген қаржының жұмсалуына байланысты тергеуге тартылып, ақшаны қайтаруға мәжбүр болған еді. Ал дәл сондай жағдайда болған продюсер Баян Алагөзоваға қатысты шара қолданылмағаны қоғамда да сұрақ туғызуда.
«Любой» адамды құлатамын»: Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзованы орнына қойды
Коллаж: sn.kz
29.07.2025
2715
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026