Посмотреть эту публикацию в Instagram
Күресші Демеу Жадыраев елге оралды
10.08.2024
325
Бүгін Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Демеу Жадраев елге оралды. Жеңімпазды Алматы халықаралық әуежайында оның отбасы мен туған-туыстары, достары, жанкүйерлері, журналистер, Алматы облысы әкімдігінің және ҚР Қорғаныс министрлігінің Армияның спорт клубы орталығының өкілдері зор құрмет-қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Олимпиада жеңімпазын құттықтаған Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев Демеу Жадыраевтың жетістігінің маңыздылығын айта келе, 77 келі салмақта жерлесіміздің жеңіп алған күмісі қазақ күресі үшін тарихи оқиға екенін атап өтті.
Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылынан шыққан Демеу Жадыраев 12 жасынан күреспен айналыса бастаған. Тынымсыз жаттығулардың арқасында ол айтарлықтай жетістіктерге жетті: Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ спорт және туризм академиясының шебері, әскери қызметкерлер арасында Азия және әлем чемпионаттарының қола жүлдегері атанды.
Париждегі Олимпиада ойындарында Жадыраев шешуші белдесуде жапондық атақты палуан Нао Кусакамен кездесті. Боз кілемдегі кездесу қорытынды есеппен Нао Қусаканың пайдасына шешілді. Сөйтіп, Демеу күміс жүлдені қанағат тұтты.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026