"Көбі біле бермейтін шығар, бірақ біз сылтау айта беретін адамдар қатарынан емеспіз. Ұлттық құраманың бас бапкері, дәрігері де жағдайды түсініп отыр. Өйткені жеңіске жете алмауына бір-екі жағдай себеп болды. Рингке шығар алдында жарақаты болды. Сондықтан біз жоспарлағандай өнер көрсете алмады. Енді қайтадан қатарға қосылып, елдің мерейін асқақтата береді", - деді Мырзағали Айтжанов.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында 4 алтын, 5 күміс, 1 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте 2-орынға табан тіреген еді. Азия чемпионатының әйелдер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы турнирдің медальдар есебінде көш бастады. Қазақстанның әйелдер құрамасының боксшылары 5 алтын, 5 қола жүлде жеңіп алды.
"Көбі біле бермейді": Мырзағали Айтжанов шәкірті Сәкен Бибосыновтың жеңілу себебін айтты
19.12.2024
343
Таиландтың Чиангмей қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында ел намысын қорғаған Сәкен Бибосынов жарысты ширек финалда аяқтаған болатын. Осы орайда боксшының жеке бапкері Мырзағали Айтжанов бұл жағдайдың себебін түсіндірді, деп ozgeris.info тілшісі "Бірінші бол" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Азия чемпионатының ширек финалында Сәкен Бибосынов (51 кг) өзбекстандық боксшы Асылбек Жалиловке есе жіберген болатын.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026