Ақтауда адам өмірін арашаламақ болған ер азаматтың өзі суға батып кетті. Қайғылы жағдай демалыс күндері теңіз жағасындағы демалыс базаларының бірінде тіркелген, деп хабарлайды ozgeris.info.
39 жастағы Құрық ауылының тұрғыны Ерлан Шонтабаев достарымен бірге демалып жүрген. Осы сәтте жағалауда шомылып жүрген екі қыз суға бата бастаған. Қыздардың жан даусын естіген жігіттердің бірі суға секіріп, екіншісі көмекке шақырған. Ерлан бұл сәтте ойланбастан теңізге қарай жүгіреді.
Ол екі қызды судан алып шығады. Алайда үшінші адамды құтқару кезінде қиындық туындайды. Қатты қорыққан 24 жастағы жігіт Ерланды аяғынан тартып, екеуі де суға батып кеткен.
Құтқарушылардың айтуынша, қыздар жағаға өздері шыққан. Ерлан Шонтабаевтың денесі жағалаудан 10 метр жерден табылған. Ал жас жігіттің денесі бірнеше сағаттан соң 1,5 метр тереңдіктен шығарылған.
Батыр азамат артында жұбайы мен бес баласын қалдырды. Ең кенжесі — үш айлық.
"Кішісі үш айлық": Қыздарды аман алып қалып өзі суға кеткен ақтаулықтың артында бес баласы қалды
Фото: Lada.kz
31.07.2025
549
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026