«Түркістан қаласына киелілік дарытып тұрған нәрсе не, ол бірінші кезекте Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Жаңа әріптесім Ардақ Назаров дұрыс атап өтті. Киелілік сақтауды қажет етеді. Ол адамдардың тікелей көмегін қажет етеді. Қалайша? Былтыр 2023 жылы Түркістанда болған бір оқиғаны айтып берейін. Осы кесененің түбінен алматылық әлде астаналық бір кәсіпкер түнгі клуб ашпақшы болды. Соған жергілікті ақсақалдар бас көтеріп, қарсылық танытып, түнгі клубты ашқызбай тастады. Егер дәл сол кесененің түбінен түнгі клуб ашылып, Ардақ Назаров айтқандай, арақ ішіп, тайраңдап, таңға дейін музыка ойнап, неше түрлі арсыз қылықтар болса, Түркістанның киелілігінен не қалған болар еді?! Сондықтан да киелілігін сақтау деген ұстаным дұрыс енгізілген деп есептеймін», - дейді Абзал Құспан.Айта кетері, «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасында тарихи-мәдени мұраны қорғау және рухани объектілердің киелілігін сақтау негізгі қағидат ретінде алынған.
"Киелілігінен не қалды?": Кәсіпкер Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанынан түнгі клуб ашпақшы болған
18.12.2024
288
Парламент Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан былтыр бір кәсіпкер Түркістан қаласындағы киелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі түбінен түнгі клуб ашуға оқталғанын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы қаралған еді. Құжатты талқылау кезінде депутат Абзал Құспан былтыр Түркістанда болған жаға ұстатарлық оқиғаның шетін ашты.
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026