«Ата-анам қайтыс болды деген хабарды естігенде өзімді қатты кінәладым. Көңілім қатты босап кетті», - деді Нұрлан.Алайда Нұрлан анасымен кездесуден бас тартты.
Кездескісі келмеді: 20 жыл бойы тұнғышын іздеген ана ұлын тапты
17.02.2025
359
20 жыл бойы тұнғышын іздеген Ақшагүл Көшекбаева ұлын тапты. Алайда ұлы анасымен кездесуден бас тартты, — деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
Бұл туралы «Дау-дамайсыз» бағдарламасында айтылды.
Ақшагүл Көшекбаеваның айтуынша, ата-енесі ұлын қайын ағасына беріп жіберген. Қазір кейуананың жасы 70-те, ал ұлы Нұрлан 50-ге жеткен. Бұған дейін темір торға тоғытылғаннан кейін отбасымен мүлде араласпай қойған.
Ақшагүл Көшекбаеваның кенже қызы үлкен ағасын мүлде көрмеген.
Нұрлан түрмеден шыққан соң хабар-ошарсыз кеткен, ал отбасы оны бір блогердің парақшасынан үйсіз жүргенін көрген.
Кейін Ақшагүл Көшекбаеваның тұңғышы Алматы облысындағы «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығынан» табылды.
Бір қызығы, Нұрлан ата-анасы қайтыс болды деп ойлаған.
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026