«Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бахытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды. Алла Тағала баршамызды жамандық пен өкінішті істерге жетелейтін нәпсі қалауының кесірінен сақтағай», – дейді ҚМДБ.Еске салайық, Қостанайдың бас имамы Бақытбек Тәжімбет сот қаулысында жазылғандай «алкогольдік масаң күйде көлік тізгіндегені үшін» 15 тәулікке қамалды. Сонымен бірге сот оны 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырған еді. Сот қаулысына сәйкес, Бақытбек Тәжімбет Бурабайдағы түнгі клубтардың бірінің маңында масаң күйде Toyota Highlander көлігін айдап бара жатқанда ұсталған. Ол 23 шілдеден бері қамауда отыр.
«Кешірім сұраймыз»: ҚМДБ мас күйде ұсталған Қостанайдың бас имамға қатысты мәлімдеме жасады
25.07.2024
284
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қостанай облысының имамы Бахытбек Тәжімбеттің мас күйде ұсталып, қамалуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Әлеуметтік желілерде Қостанай облысының имамы Бахытбек Тәжімбеттің 2024 жылдың 23 шілдесінде Ақмола облысының Бурабай кентінде автокөлігін масаң күйде жүргізіп, жол ережесін бұзғаны туралы ақпарат тараған еді. Осы оқиғаға байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеме таратты.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026