«Келмегендер нөмірімді өшіріп тастаңдар»: Айқын Төлепберген үйлену тойы алдында үндеу жасады (ВИДЕО)
15.10.2024
299
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айқын Төлепберген желіде жаңа видео жариялап, үйлену тойына дайындық қалай жүріп жатқанын айтты. Өнер иесі шақырылған той қонақтарына үндеу жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айқын Төлепберген аталмыш видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда әнші келіншегі Жұлдыз Өмірғалимен бірге көлікте келе жатқанын көруге болады. Ерлі-зайыпты той алдында арықтап, жасарып кеткенін айтты.
Сонымен қатар Айқын 17 қазанға жоспарланған үйлену тойына шақырылған қонақтарына үндеу жасады. Ол көпшілікке ұмытпай келуін ескертті. Ал келмей қалған жандарға нөмірін өшіріп тастауға кеңес берді.
"Қазір бір түсірілімге бара жатырмыз. Жаңа имидж, көзілдірік киіп алдым. Тәтем бар қасымда. Тәтем боянып алған, алтындарын киіп алған. Той алдында арықтап кетті. Маған қарамайды. Сегіз келі тастапты. Біз жас жұбайлар болдық. Құттықтасаңыздар болады. Бейсенбі күні тойымыз болады. Шақырылған қонақтар ұмытып кетпеңіздер. Тойға келмегендер нөмірімді өшіріп тастасаңыздар болады", - деді әнші.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026