Каспий теңізінде жаңа арал пайда болды
30.05.2025
575
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде жаңа арал пайда болды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Lada.kz сайтына сілтеме жасап. Ғалымдар бұл құбылысты теңіз деңгейінің төмендеуінің нақты дәлелі деп отыр.
П.П. Ширшов атындағы Океанология институты мен Астрахан мемлекеттік қорығының мамандары экспедиция барысында жаңа аралдың барын растады. Ол Малый Жемчужный аралынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан.
Арал спутниктік суреттерде алғаш рет 2024 жылдың қарашасында байқалған. Оның пайда болуына Каспий суының тартылуы себеп болған.
Экспедиция аралға жақындай алғанымен, ауа райының қолайсыздығы мен таяз су аралға түсуге мүмкіндік бермеді. Дегенмен, арал квадрокоптер арқылы анық көрінді.
Ғалымдар бұл арал болашақта құстар мен Каспий тюленінің мекеніне айналуы мүмкін екенін айтады. Жақын уақытта аралдың ресми сипаттамасы жасалып, атау ұсынылады.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026