Журналист Асхат Ниязов жала жабу туралы іс бойынша сотта жеңіске жетті
29.04.2024
399
Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі Асхат Ниязовқа басқаның хабарын қайта жариялағаны үшін талап арыз берген болатын.
29 сәуірде сот процесі өтіп, онда ҚР ӘҚБтК-нің 456-бабы - «Жалған ақпаратты орналастыру, тарату» бойынша іс қаралды.
Адвокат Әсел Тоқаева істе әкімшілік құқық бұзушылық құрамы жоқ деп мәлімдеді. Судья бұл пікірмен келісті: сот құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты істі тоқтату туралы қаулы шығарды.
Қаңтар айында ProTenge Telegram-арнасында елімізде жұмыс істеуге аккредитация алмаған «Азаттық радиосы» журналистерін қолдаған жарияланым пайда болды. Журналист Асхат Ниязов бұл мақаланы қайта жариялады. Содан кейін Мәдениет министрлігі құқық қорғау органдарына өтініш беріп, Асхат Ниязовқа әкімшілік хаттама толтырды.
Сондай-ақ, 24 сәуірде Protenge жобасының негізін қалаушы және бас редакторы Жамиля Маричеваны ұстады. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі журналистің жалған ақпарат таратқаны үшін ұсталғанын хабарлады.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026