“Ол баланың жолдан өтуіне мүмкіндік бермеді. Сол себепті қыз жүк көлігінің астына қайта жүгіріп, жүргізуші оны байқамай, басып кетті.”Жергілікті тұрғындар бұл өткелде бұған дейін де жол апаттары жиі болатынын айтады. Олар жаяу жүргіншілер өткеліне бағдаршам орнатуды бірнеше рет сұраған, алайда, олардың өтініштері ескерусіз қалған. Оқиғаға байланысты 66 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Ол абайсызда адам өліміне себеп болған жол ережесін бұзу бабымен тергеліп, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жеті жасар қыз анасының алдында жаяу жүргіншілер өткелінде қайтыс болды
03.04.2025
291
Алматы қаласында ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды – жаяу жүргіншілер өткелінде жүк көлігі жеті жасар мектеп оқушысын қағып кетті, 7 жасар қыз бала оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдай баланың анасының көз алдында болған деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі ktk.kz порталына сілтеме жасай отырып.
Жол апаты Қарасу шағын ауданында, түскі уақытта болған. Куәгерлердің айтуынша, Айзере Ибраева есімді бірінші сынып оқушысы Бурундай көшесін кесіп өтпек болған. Алайда, жоғары жылдамдықпен келе жатқан автобустан сескеніп, кері шегінгенде жүк көлігінің астына түскен.
Марқұм қыз ұзартылған сабақтан үйіне қайтып бара жатқан. Анасы оны көшенің арғы бетінде күтіп тұрған, олардың арасында бірнеше ғана қадам қалған.
Қыздың туысы Шухрат Ментеев апатқа автобус жүргізушісін кінәлады:
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026