“Осыдан 3 сағат бұрын суық хабар келді. Таңертең анашым Раббысына қайтыпты, жаны жәннатта болсын! Бүгін шыққым келмеген еді, бірақ шықтым. Ақша керек дегендей… Анашым 7 жыл қатерлі ісікпен күресті. Анашым, сіз осы аурудан жазылып шықсаңыз Меккеге, Дубайға апарамын ба деген ой болған. 7 жыл көрген қиыншылығыңызды ақтаймын деп қыдыртамын ба дегем. Анам қатты ауырды”, – дейді файтер көз жасына ерік беріп.Ернат өз жеңісін анасына арнады. Отандық спортшының сөздері желі қолданушыларын бей-жай қалдырмады. Көпшілік файтерге көңіл айтып, қолдау білдірді. “Иманы жолдас болсын”, “Жүрегім қан жылап тұр”, “Алла сабыр берсін”, “Бекем бол”, “Арты қайырлы болсын! Мен де анамды Мекке апарып үлгермеймін бе деп қорқамын”, – деп жазды желідегілер.
"Жеңісімді арнадым": Жекпе жек алдында анасының қазасын естіген қазақ файтері көпті жылатты (ВИДЕО)
22.07.2024
269
Жекпе жек шебері Ернат Түгелбеков анасының ұзақ жылғы сырқаттан көз жұмғанын айтып, көптің көңілін босатты. Файтер суық хабарды жекпе жекке шықпай тұрып естіген, деп хабарлайды Ozgeris.info.
“Балқаш жолбарысы” деген лақап атпен алаңға шығып жүрген қазақ файтері Ернат Түгелбеков кезекті айқасын жеңіспен аяқтады. Алайда ол жеңісіне бұрынғыдай қуана алмады.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026