Жеңіліс тапқан Шымбергеновті жақындары күтіп алды
31.07.2024
402
Париж Олимпиадасының қатысушысы Асланбек Шымбергеновті жамбылдық жанкүйерлері мен жақындары күтіп алды. Бұл туралы Ozgeris.Info тілшісі Жамбыл облысының өңірлік комуникациялары қызметінің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Боксшы Асланбек Шымбергеновті әуежайдан Жамбыл облыстық спорт басқармасының өкілдері, спортшының жақындары мен жанкүйерлері күтіп алды. Жамбылдық жанкүйерлердің тарапынан қазақстандық боксшыға ерекше құрмет көрсетілді.
Жиналған көпшілік былғары қолғап шебері Асланбек Шымбергеновтің болашақта талай биік белестерді бағындыратынына сенім білдіріп, қолдауларын аямады. Сондай-ақ Асланбек Шымбергенов те өзіне демеу болған жанкүйерлер алғысын жаудырды.
Айта кетейік, боксшы 28 шілдеде өткен алғашқы жекпе-жегінде иорданиялық Зейяд Ишаиштан жеңіліс тапқан болатын. Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызға дейін жалғасады.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026