«Жатыры жыртылып кеткен»: егіз балаға жүкті жас ана сәбилерімен бірге көз жұмды
13.01.2025
263
Оқиға Ресейдің Краснодар қаласында болған. Егіздерге жүкті болған жас ана перзентханада қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Туыстары мен олардың заңгері жергілікті аурухананы айыптап отыр. Себебі мекеме дәрігерлері әйелде ауытқулар бар екенін уақытында байқамаған.
SHOT telegram арнасының мәліметтері бойынша, 36 жастағы Виктория (аты өзгертілген) екі жыл бұрын Краснодар ауруханасына есепке тұрған. Іштегі егіз сәбиге 29 апта болғанда Викторияның ішінің төмен жағы ауырып, перзентханаға барған.
Туыстарының айтуынша, дәрігерлер ультрадыбыстық зерттеу жүргізу кезінде ауытқуларды байқамаған.
Шұғыл кесарь тілігінің орнына Викторияны жергілікті жедел жәрдем ауруханасына бағыттайды, онда хирург оның жатыры жарылғанын көреді. Әйел есінен танып, денесі көгеріп кетеді. Дәрігерлер шұғыл операция жасап, сәбилерді аман-алып қалуға тырысқанымен, екеуі де шетінеп кетеді. Екі аптадан кейін Виктория да қайтыс болды.
Қазір туыстары жергілікті перзентхана дәрігерлерін кінәлап отыр. Жақындарының айтуынша, олар уақытында әйелдің жағдайына назар аудармай, дұрыс ем тағайындамаған.
Отбасының заңгері Николай Чернышук жүргізілген сараптама медициналық көмек көрсету кезінде көп кемшілік анықтағанын айтты.
Жауапты дәрігер жұмыстан кеткен, бірақ ол кінәсін мойындамаған. Қазір қылмыстық іс сотта. Марқұмның туыстары кінәлілерді жазалауды және отбасының қайғы-қасіреті үшін өтемақы төлеуді талап етіп отыр.
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026