"Қаңтардың соңы, біздің көшелерде әлі күнге дейін гирляндалар ілініп, жарқырап жанып тұр. Әкімдік осы жаңа жылдық әрлеуге бөлген 700 миллион теңгені ақтайық деп отырған шығар. Айналайын, әкімдік. Болды, жинай беріңдер. Қазір свет деген сұмдық қымбат. Кеше Президенттің өзі жағдайымыз мүшкіл, үнемдеуге көшіңдер, шығындарыңды қысқартыңдар деп айтты. Үкіметтің тапқан әдісі анау, ҚҚС құнын арттырып, салықты көбейтіп, айыппұлдарды үсті үстіне төпеп әйтеуір халықтан бюджетті бірдеңе етіп толтыру керек. Ал мыналарды өшірсеңдер, қаншама электро энергияға кететін ақшаны үнемдейсіңдер", - деп видео түірісіп, өзінің Instagram парақшасында жазды.Айта кетейік, Астана қаласында жаңа жылдық безендіруге шамамен Т697 млн жұмсалды. Аудандық әкімдіктер қысқы безендіру жұмыстарына 696,7 млн теңге бөлді. Оның ішінде: Нұра ауданы – 79 млн теңге; Сарыарқа ауданы – 110 млн теңге; Алматы және Сарайшық ауданы – 165 млн теңге; Байқоңыр ауданы – 158,8 млн теңге; Есіл ауданы – 183,9 млн теңге.
"Жаңа жылға бөлген 700 млн-нын ақтайық деп отырған шығар": Тележүргізуші Астана әкімдігін электро энергияны үнемдеуге шақырды
30.01.2025
235
Қаңтардың соңы болса да, Астана көшелері әлі күнге дейін жаңа жылдық гирляндалармен безендіріліп тұр. Ол қаншама электро энергиясын қажет етеді. Журналист Әсел Ергешқызы кешкі қаланы видоға түсіріп, жарықты үнемдеудің орнына, бөлген миллиондарын ақтап отырған Астана әкімдігіне үндеу жолдады.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026