Жалпыға бірдей декларациялау бойынша декларацияны енді Kaspi.kz мобильді қосымшасында тапсыруға болады
02.05.2024
248
Ағымдағы жылдың сәуір айында қолданыстағы электрондық сервистермен қатар Kaspi.kz мобильді қосымшасында жаңа ыңғайлы сервис іске асырылды. Онда жеке тұлғалар 250.00-нысанды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсына алады.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Биыл дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылар (қатысушылар), сондай-ақ олардың жұбайлары «кіру» декларациясын (250-00-нысан) ұсынуға міндетті.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап осы декларацияны халықтың қалған санаттары ұсынуға міндетті.
Халыққа ыңғайлы болу үшін Салық төлеушінің кабинеті, (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы, Halyk, bcc.kz және Kaspi.kz банктердің мобильді қосымшалары арқылы декларацияны тапсыруға арналған электрондық сервистер іске қосылды.
Kaspi.kz мобильді қосымшасында 250.00-нысанды декларацияны тапсыру туралы толығырақ «Гид» бөлімінен оқысаңыз болады.
Декларацияларды тапсыру мерзімі – 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026