«Ол кісінің ауырып жатқанына біраз болды. Бүгін қан қысымы көтеріліп, жағдайы тіптен нашарлады. Хабарды ести сала Жазушылар одағының төрағасымен бірге үйіне жедел жеттік. Үйінің алдында екі жедел жәрдем көлігі тұр. Атамыз төсек тартып жатыр. Әрең сөйлейді, дегенмен біраз әңгімелесіп, қасында отырдық. Жанында балалары бар. Әсіресе Шолпан ерекше күтім жасап жатыр. Дәрігерлер де қасында», – деді Қасымхан Бегманов.Дулат Исабеков 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында дүниеге келген. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Жазушы әр жылдары Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор (1967-1968), Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968-1970), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі (1971-1976), «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі (1976-1980), Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы (1980-1988), Қазақ теледидарының бас директоры (1988-1992), «Жазушы» баспасының директоры (1992-1995), Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ҚР Мәдениеттану ғылыми-зерттеу институтының директоры болып еңбек еткен.
«Жағдайы тіптен нашар»: Дулат Исабеков хал үстінде жатыр
05.02.2025
321
Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов жазушының халін сұрап үйіне барған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қаламгердің айтуынша, белгілі жазушының қан қысымы көтеріліп, төсек тартып жатып қалған. Қасында қызы Шолпан мен дәрігерлер бар.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026