"Болат Мажағұловты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағындағы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi аса ірі мөлшерде иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұраймын", - деді прокурор.Мемлекеттік айыптаушы инженер Мәди Қанапинді Қылмыстық кодекстің 28-бабының 5-бөлігінде және 189-баптың 4-бөлігінің 2-тармағындағы қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығын шектеуді және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыруды сұрады. Еске салайық, Астанадағы субұрқаққа қатысты сот 2024 жылғы желтоқсанда басталды. 2024 жылы қыркүйекте Астанада мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов ұсталды. Кейінірек Қаржылық мониторинг агенттігі Болат Мажағұлов не үшін ұсталғанын айтты.
Ірі көлемде ақша жымқырған: Болат Мажағұлов 10 жылға сотталуы мүмкін
29.01.2025
305
Сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі көлемде жымқырды деп айыпталған Астана мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловты прокурор 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп ozgeris.info сайты Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада 2016 жылы Есіл өзеніне орнатылған "Күн" субұрқағы бойынша атышулы іс бойынша сот жалғасып жатыр.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты субұрқақтың құрылысы кезіндегі ұрлық фактісі бойынша тараптардың жарыссөзі басталды.
Мемлекеттік айыптаушы Азамат Тоқтарбай мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов пен инженер Мәди Қанапинді жазалауды сұрады.
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026