Айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында өзін «инфосыған» дейтіндерге жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оның айтуынша, желіде сабақ сататындардың бәрін «инфосыған» деп атау – тұтас ұлтты қорлау. “Қазір әлеуметтік желіде сабақ сатып жүрген адамдардың бәрін “инфосыған” дейтін болды. Бұл жерде сыған деген – үлкен ұлт. Тұтастай бір ұлтты қорлап жіберу ғой былайша айтқан кезде. Сабақ сатудың әртүрлі жолдары бар. Әркім өзінің нәтижесіне қарауы керек. Мысалы, пирамидалардың ғұмыры неге қысқа?! Өйткені адамдар тез алданады. Одан кейін жабылып қалады. Өтірік дүниенің ғұмыры қысқа”, – деп түсіндірді айтыскер ақын. Айнұр Тұрсынбаева психология ілімі қай кезде де қоғамға керек екенін атап өтті. “Міржақып Дулатовтың кітабы бар. Психология қазақ ғылым, ілімінде бар дүние негізі. Қазіргі қорқынышты ақпарат көп кезде қоғамға психология ілімі керек. Мұны құнсыздандыруға болмайды. Осы біздің арзан және тегін сабақтарымыз арқылы дүкен ашып, наубайхана ашып жатқан қыз-келіншек көп. Сабақ сатып жатыр деп көпке топырақ шашпай, солардың нәтижелері бар ма, соған көп көңіл бөлуіміз керек”, – деді ол.-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026