«Бұл бастамалардың ішінде ерекше орын алатыны – «Еңбек даңқы» кітабы жобасы. Барлық қазақстандықты өз жақындарының еңбек жолы туралы естеліктерін бөлісуге шақырамыз. Жұмысшы мамандықтар жылы - бұл еңбекпен келген нанның тәтті болатынына, қоғамның дамуы үшін адал еңбектің маңыздылығына ерекше екпін түсіретін уақыт. Бұл бастамаларды бүкіл қоғам болып қолдап, жүзеге асыруға белсенді қатысса дейміз. Біздің мақсатымыз - ҮЕҰ, белсенділер мен барлық мүдделі азаматтардың күш-жігерін біріктіру, еңбек адамының беделін нығайту және әлеуметтік әділдік құндылықтарын ілгерілету. Елімізде Жұмысшы мамандықтар жылын өткізуді қоғамдық қолдау Орталығы күшіміз бен үнімізді біріктіретін платформаға айналады деп сенеміз. Біз біріге отырып, еңбек адамының елдің болашағы мен өркендеуінің қуатты негізі болатынын көрсетеміз!», - деді Қор директоры Дана Рысмұхамедова баспасөз мәслихатында.
Еңбек адамына құрмет: «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры орталық құрмақ
25.12.2024
295
Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылын өткізуді қоғамдық қолдау Орталығы жаңа жылдық мерекеден соң бірден іске қосылады. Мұндай Орталықты құру бастамасын «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры 24 желтоқсан күні БАҚ өкілдеріне арналған арнайы іс-шарада жариялады.
Орталық ҮЕҰ, қоғам белсенділері мен Жұмысшы мамандықтар жылын лайықты өткізуге немқұрайлы қарамайтын азаматтар үшін ортақ алаңға айналмақ. Қор бұл үшін adalenbek.kz арнайы сайтын жасайды. Сайтта елдегі еңбек адамдарын қолдауға арналған қоғамдық іс-шаралардың интерактивті Картасы жасақталады. Қор осы ретте, ақпаратты бір ресурста жинау үшін үкіметтік емес ұйымдарды өз бастамалары туралы ақпарат бөлісуге шақырады. Бұл кез келген қазақстандық үшін ыңғайлы болмақ, яғни бір сайтқа кіріп, өтетін іс-шаралар туралы ақпарат алып, қатысуға мүмкіндік береді. Ақпаратты adildik.org.kz@gmail.com поштасына жіберуге болады.
Сондай ақ, «Әділдік және өркендеу» қоры Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бірқатар төл бастаманы жүзеге асырады.
Солардың бірі, «Еңбек даңқы» онлайн-кітабы. Бұл адал еңбекпен отбасын асырап, ел экономикасын еселеуге үлес қосып жүрген Сіз бен біздің жақындарымыздың есімі жазылатын естелік кітабына айналады. «Еңбек даңқы» онлайн-кітабына кез келген қазақстандық лайықты деген жанды қоса алады. Бұл кітап та adalenbek.kz арнайы порталына жүктеледі.
Сондай ақ, Қор журналистер мен блогерлер арасында «Еңбек адамы туралы ең үздік материалға» байқау жариялайды. Конкурсқа журналистер мен кемінде 3 мың жазылушысы бар блогерлер қатыса алады. Жұмыстар түрлі жанрда, бірнеше номинация бойынша қабылданады. Келіп түскен жұмыстарды құрамында беделді медиа мамандар мен қор өкілдері кіретін қазылар алқасы бағалайды. Алғашқы жеңімпаздар Журналистер күніне орай марапатталады. Ал, 2025 жылдың соңында жалпы қорытындысы шығарылады.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026