Елдосқа 50 млн, Ғұсманға 15 млн теңге: Қарағандыда Олимпиада жүлдегерлері марапатталды
28.08.2024
317
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаевқа комақты ақшалай сыйақы табысталды. Бұл туралы Ozgeris.Info тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Дзюдошы Жансай Смағұловтың Instagram Stories-іне сүйенсек, "Жеңіс" дзюдо клубының өкілдері Қарағандыда Олимпиада жүлдегерлерін марапаттаған.
60 кг салмақта алтын медаль жеңіп алған Елдос Сметовке 50 млн, оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевке 10 млн теңгенің сертификаты табысталған. Сондай-ақ Парижде қола жүлде еншілеген Ғұсман Қырғызбаевқа (66 кг) 15 млн теңге сыйақы берілген.
Бұдан бөлек ұлттық құрама мүшесі Жансай Смағұловқа (-73 кг) 4 бөлмелі пәтер, тағы бір дзюдошы Ислам Бозбаевқа (-100 кг) 3 бөлмелі пәтер сыйға тартылды.
Кеше, 27 тамызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елдос Сметовті І дәрежелі "Барыс" орденімен, ал Ғұсман Қырғызбаевты "Парасат" орденімен марапаттаған болатын.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026