Желіде орамал ауыстыру салтының видеосы тарады. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
«Бұрын тұрмыс құрған келіншекті тек осылай орамалын ауыстыратын болған», «Бұл дәстүр оңтүстікте де бар. Ері қайтқан әйелдің басына жыл толған соң ағартып ақ орамал тағады», «Қазір ғой екінші, үшінші рет те тұрмысқа шыққандар сырға салғызып, дүрілдетіп ұзатылып жатыр. Бұрын екінші рет тұрмысқа шыққан келіншек орамалын ауыстырып, үлкендердің батасын алған», «Көнеден келе жатқан нағыз қазақы дәстүр, екінші рет беташар жасатып, бетін ашып жатқан қыздар көрсін», — деп жазды ол.