– Ішкі сауда ережелеріне сәйкес, таразыға салынып сатылатын өндірістік азық-түлік тауарлары тұтынушыларға оралған, қапталған күйінде ұсынылуы тиіс. Мұндай жағдайда қаптама үшін бөлек ақы алынбауы керек, – деді ол.Сонымен қатар дүкен сөрелерінде азық-түлік пен тұрмыстық химия тауарларын қатар қою да заңбұзушылық. Мұндай «көршілестік» тұтынушы денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Бұл мәселе бойынша алдағы уақытта сауда орындары мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінің қатысуымен түсіндіру жиыны өтпек. Жыл басынан бері департаментке 570-ке жуық тұтынушыдан өтініш түскен. Нәтижесінде, азаматтарға 59 миллион теңгеден астам қаржы кері қайтарылған. Былтыр осы кезеңде тұтынушыларға небәрі 7,9 млн теңге ғана өтелген еді. Бұған қоса «Сауда қызметін реттеу туралы» заңды бұзған 52 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 76 ұйғарым берілді.
Дүкенде пакет тегін берілуі тиіс
31.05.2025
328
Дүкенге не базарға кірсеңіз, азық-түлік салып жатқан пакеттеріңізге қосымша ақы сұралатынын жиі байқайсыз. Әсіресе, полиэтилен пакеттер үшін 5-10 теңге талап етілуі қалыпты көрініске айналған. Алайда бұл – заңға қайшы әрекет, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Кей жағдайларда сатушылар таразыдағы бағаға бірнеше теңге қосып, оны «целлофонның ақысы» деп түсіндіреді. Бірақ бұл мүлде дұрыс емес. Саудагерлердің мұндай амалына заң тұрғысынан тыйым салынған.
Павлодар облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Дәулен Қабдушев бұл мәселеге нақты түсініктеме берді:
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026