“Бүгін Арман бауырымызға және оның жанындағы бауырларымызға қатысты қатаң үкім шықты. Бұл жүрегімізге ауыр тисе де, біз мұсылман ретінде Алла Тағаланың сынақтарына сабыр етіп, әр нәрсенің хикметін түсінуге тырысамыз. Алла Тағала жүрегімізге сабыр беріп, бұл қиыншылықты жеңуге күш-қуат нәсіп етсін! Сабыр – мұсылманның ең әсем қасиеттерінің бірі. Арман бауырымыз бен оның отбасына бұл сынақ үлкен емтихан екені сөзсіз. Бірақ әр қиындықтың артында жеңілдік бар екенін ұмытпайық. Бұл сәтте біз бауырларымызға қолдау көрсетіп қана қоймай, дұғада болуымыз керек. Алла Тағала барлығымызға сабыр мен иман берсін, бұл сынақтың ақырын жақсылыққа айналдырсын. Арман бауырымыз бен оның отбасына Алланың мейірімі жауып, жүректеріне тыныштық нәсіп еткей”, – деп жазды Нұржан.Еске салайық, Арман Жұмагелдиев 20 жылға сотталғанын жазған едік. Алматыда Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобы, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны және азаматтарды ұрлағаны үшін сотталды. Сот мәліметінше, 2016 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті 5-департаменті басшысының орынбасары Руслан Искаков ұлттық қауіпсіздік органдарының қолдауына кепілдік беретінін айтқан. Осылайша Жұмагелдиевті серіктестікке көндірген.
«Дұғада болуымыз керек»: Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі "Дикий Арманға" қолдау білдірді
28.01.2025
283
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Қаңтар оқиғасына қатысып, 20 жылға сотталған Арман Жұмагелдиевке қолдау білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Ақынның күйеуі Нұржан Иманәлиев – істі болған Арман Жұмагелдиевтің сенімді серігі.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026