"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.Дархан Сатыбалды 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауылшаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Мансап: Еңбек жолын 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданының "Келес" коммуналдық кәсіпорнында бастаған. 2000-2006 жылдары Қаржы министрлігінде, Президенттің Іс басқармасында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2007-2010 жылдары Білім және ғылым министрлігінің Бюджет және Қаржы департаменттері директорының орынбасары, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары болған. 2010 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы лауазымына тағайындалған. 2011-2013 жылдары Премьер-Министр Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарған. 2013 жылы Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған. 2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған. Парламент Сенатының депутаты болып сайланған. 2019 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2022 жылғы 31 тамыздан Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. "Ерен еңбегі үшін" медалімен, "Құрмет" орденімен марапатталған.
Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігіне жаңа қызметке тағайындалды
06.01.2025
253
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026