"Мен Черчесовпен келісімді тоқтатып, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына Магомед Адиевті қайтарар едім. Оның біздің елге оралуға қарсы емес екенін білемін. 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіне сәйкес, Магомед Адиев нәтижеге қол жеткізе алады деп есептеймін", - деді Ербол Қайыров.Айта кетейік, Станислав Черчесовтің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының 2024/25 маусымындағы топтық кезеңінде 6 матч өткізді. В лигасында Қазақстан құрамасы 6 матчта 1 ғана ұпай жинап, соңғы орынды иеленді. Осы нәтижесінен кейін ұлттық құрама В дивизионынан шығып қалды. Ал Магомед Адиев 2022 жылдан 2024 жылдың мамырына дейін футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарды. Оның жетекшілігімен Ұлттық құрама Еуро-2024 турниріне іріктеу кезеңінде үздік нәтиже көрсетті.
"Черчесовпен келісімді тоқтатар едім": ҚФФ президенттігіне үміткер жоспарларын бөлісті
18.12.2024
289
Футболдан Қазақстан футбол федерациясы президенттігіне үміткер Ербол Қайыров ресейлік бапкер Станислав Черчесовпен келісімді бұзып, оның орнына Магомед Адиевті қайтарғысы келетінін айтты. Бұл туралы ozgeris.info тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
ҚФФ-ның кезектен тыс XXVII сайлау конференциясы 2024 жылдың 20 желтоқсанында өтеді, онда федерацияның жаңа басшысы анықталады.
ҚФФ президенттігіне түсуге үміткерлердің тізімі:
Даумов Алтай Алмасұлы – "Алматы облысының футбол қауымдастығы" ЗТБ атынан;
Қайыров Ербол Қыдырбекұлы – "Ақмола облыстық футбол қауымдастығы" ЗТБ атынан;
Лория Давид Григорьевич – "Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы" ЗТБ атынан;
Омаров Марат Талғатұлы – "Астана қаласы футбол федерациясы қауымдастығы" ЗТБ атынан.
Ал бұған дейін ҚФФ президенттігіне өтінім берген Мағау Наргис Ерланқызы мен Жамантаев Ерлан Айтпайұлы сайлауға түсуге өз еркімен бас тартты. Қазақстан футбол федерациясы президенттігіне үміткер Ербол Қайыров болашақ жоспарларын ортаға салды.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026