Черчесов қызметінен қуылса, қанша өтемақы алатыны белгілі болды
09.11.2024
308
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен қуылса, қомақты сомада өтемақы алады. Бұл туралы ozgeris.info тілшісі Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Legalbet.kz мәліметінше, Қазақстан футбол федерациясы мен Станислав Черчесов арасындағы келісімшартта екі тарап шартты орындамаған жағдайға арналған тармақ бар. Егер бапкерді басқа команда шақырғысы келсе, онда ол үшін (немесе Черчесовтің өзі) федерацияға 1 миллион еуро төлеуі керек. Ал ҚФФ басшылығы Станислав Черчесовті жұмыстан шығаратын болса, өтемақы ретінде 1 миллион еуро беруге тиіс. Бұл қаржы теңгеге шаққанда 530,85 миллион теңге. Айта кетейік, Станислав Черчесов биыл маусымда футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Ол ҚФФ-мен 2026 жылғы әлем чемпионаты аяталғанға дейін келісімшартқа отырған. Кеше, 8 қарашада Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетті. Ол федерацияны 2022 жылдың ақпанынан бері басқарған еді. Жаңа басшы ҚФФ кезектен тыс конференциясында сайланады. Оның уақыты жақын арада хабарланбақ.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026