Мемлекет басшысы Цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев баяндама жасап болған соң оған бірқатар сұрақ қойды. Соның бірі қазақстандықтар үшін негізгі тілдерді қамтитын KazLLM моделіне қатысты болды, деп жазады Ozgeris.info.
Тоқаев:
Сіз бұл мәселе жөнінде мәлімдеме жасадыңыз, оны іске қостық деп айттыңыз. Бірақ менің білуімше, ол бағдарламаға сұраныс әлі төмен, себебі ақаулары көп. Жұрт ChatGPT-ге жүгінеді. KazLLM-ге көшкісі келмейді. Не айтасыз?
Министр:
Қазіргі таңда бізде екі үлкен тілдік модельдер бар. Олар қазіргі таңда 40-тан астам жүйелерге енгізілді. Бүгінде осы модельдер нарыққа, IT компанияларға, стартаптарға, студенттерге, зерттеу институттарына қолжетімді. Бірақ осы модельдердің сапасын әрқашан ұлғайту қажет.
Тоқаев:
Олқылықтар бар ма, жоқ па? Сіз мойындайсыз ба?
Министр:
Эти модели постоянно необходимо обновлять.
Тоқаев:
Қазіргі таңда қанша адам KazLLM-ді пайдаланып отыр?
Министр:
Біздің мәліметіміз бойынша 600 мыңнан астам.
Министр ChatGPT-ге қатысты сұраққа жауап бере алмады. Тоқаев сөз соңында “жауабыңызды тексеру керек” деп қысқа қайырды.
"ChatGPT-ге қатысты сұраққа жауап бере алмады": Мәдиев Тоқаевтың алдында ұятқа қалды
Фото: Ақорда
10.02.2026
275
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026