"Қазіргі уақытта көршілес елдер тарапынан қазақстандық картопқа жоғары сұраныс сақталуда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 605 мың тоннаға жуық картоп экспортталған, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен (411 мың тонна) 1,5 есе артық. Бұл көрсеткіш соңғы 10 жылдағы рекордтық деңгейге жетіп, ішкі нарықтағы бағаларға айтарлықтай әсер етті. Осыған байланысты, нарықтағы жағдайды тұрақтандыру және бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында 2025 жылғы 18 қаңтарда өткен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен Қазақстан Республикасының аумағынан барлық көлік түрлерімен картопты үшінші елдерге экспорттауға, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен басқа, 6 ай мерзімге шектеу енгізілді", – деп жазылған министрлік хабарламасында.Ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде 2025 жылғы 27 қаңтардағы №26 ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің "Қазақстан Республикасының аумағынан картопты экспорттау мәселелері туралы" бұйрығымен үшінші елдерге барлық көлік түрлерімен картопты шығаруға тыйым салынды. Қабылданған шаралар картоп бағасының алыпсатарлық жолмен өсуіне және нарық қатысушылары тарапынан орын алуы мүмкін спекулятивті әрекеттерге жол бермеуге мүмкіндік береді.
Бүгіннен бастап елімізден картоп шығаруға тыйым салынды
29.01.2025
281
Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен Қазақстан Республикасының аумағынан барлық көлік түрлерімен картопты үшінші елдерге экспорттауға, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен басқа, 6 ай мерзімге шектеу енгізілді, деп хабарлайды ozgeris.info.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026