Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Бивол бұрынғы әйелі Екатерина Биволға қарсы жала жабу дерегі бойынша сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Санкт-Петербург қаласындағы Смольнин аудандық соты Дмитрий Биволдың бұрынғы әйеліне қарсы берген азаматтық талабын қарады. Онда шындыққа сәйкес келмейтін, ар-намысы мен қадір-қасиетіне, сондай-ақ іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жалған деп тану және оларды теріске шығару туралы міндеттеу мәселесі көтерілген.
Сот материалдарында жауапкер 2024 жылдың 16 қыркүйегінен 2025 жылдың 11 тамызына дейін Ресей аумағында тыйым салынған Instagram әлеуметтік желісінде талапкерге қатысты беделін түсіретін мәліметтер жариялаған. Сонымен қатар, 2025 жылдың 21 шілдесінен 11 тамызына дейін Telegram мессенджерінде мәтін форматындағы жазбалар мен пікірлер қалдырған.
Сот спортшының жағына шығып, жауапкер таратқан мәліметтерді шындыққа жанаспайтын, талапкердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат деп таныды. Осыған байланысты Екатерина Биволға өзіне тиесілі барлық сайттарда, әлеуметтік желідегі парақшаларында және мессенджерлердегі арналарында бұрын жарияланған ақпаратты теріске шығару міндеттелді.
Бұған дейін еліміздің ішкі істер министрлігі Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайын елімізге экстрадициялау мәселесін көтеретінін хабарлаған болатын. Қазан айында ҚР ІІМ Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғап, кейін боксшының бұрынғы жұбайына іздеу жарияланғаны айтылды.
Бұдан бөлек, Екатерина Бивол Қырғызстанда да іздеуге алынды. Онда оған сол елдің Қылмыстық кодексінің 330-бабы - «Нәсілдік, этностық, ұлттық немесе өңіраралық араздықты (алауыздықты) қоздыру» бойынша айып тағылып отыр.
Бивол бұрынғы әйелін сотта жеңіп шықты
Фото: sovsport.ru
23.12.2025
1751
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026