«Бір жылда (2023 жылғы желтоқсанға қарағанда 2024 жылғы желтоқсанда ) пәтерлерді қайта сату бағалары – 4,2%, жаңа тұрғын үйлерді сату 3% өсті. Ал, жалға алу бағасы бір жылда 7,9% қымбаттаған», - деп хабарлады ұлттық статистика бюросы редакцияға берген жауабында.2024 жылғы желтоқсан айында жалға берілетін пәтерлердің бір шаршы метрі Алматы қаласында – 5 344 теңге, Астана қаласында – 4 959 теңге, Қарағанды қаласында 4 234 теңгені, ал ең төмен баға Тараз қаласында – 2 131 теңге, Қызылорда қаласында – 2 455 теңге, Түркістан қаласында 2 462 теңге болған. Мәселен, Астанада бір бөлмелі пәтерлердің аумағы негізінен 38-40 шаршы метрге тең. Ресми статистика бойынша, енді осы пәтердің аумағын әр шаршы метрі үшін 4959 теңге деп санасақ, Астанада бір бөлмелі пәтер 188 442 теңгеге, ал 40 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтер 198 360 теңге болған. Ал 60 шаршы метрлік екі бөлмелі үйлердің жалға алу құны 297 540 теңгеге тең, яғни, 300 мың теңгеге жуықтаған. Осы есеппен Алматыдан 38 шаршы метр бір бөлмелі үй жалдасаңыз 203 мың теңге, 40 шаршы метрге 213 760 теңге төлейсіз. Ал екі бөлмелі пәтерді 60 шаршы метрден қарастырсақ, Алматыдағы жалға алу құны 320 640 теңге болады.
«Бір бөлмелі пәтер үшін 200 мың теңге керек»: Елімізде үйді жалға алу құны 8 пайызға жуық қымбаттаған
27.01.2025
430
2024 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша жаңа үйлердегі пәтерлердің бір шаршы метрі 500 198 теңге, бұрын сатылған үйлердегі пәтерлердің бір шаршы метрі 516 203 теңгеге сатылған. Ал, еліміз бойынша жалға беру құны бір шаршы метрі үшін 4 565 теңге болған, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026