"Бәрінен бұрын мен Остин Уильямспен кездескім келеді, есемді қайтарсам деймін. Мен өткен жекпе-жекте өзімді көрсете алмадым, сондықтан реванш алғым келеді. Бірақ егер мен бұл жекпе-жекке қол жеткізе алмасам, ештеңе етпейді. Ондай жағдайда чемпиондарға ұсыныс тастаймын. Эрисланди Лара, Карлос Адамес және Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасқым келеді. Менің ең мықты жігіттермен рингте кездесуге шамам жетеді. Джарон Эннис, Дэнни Джейкобс, Шакур Стивенсон, Джарретт Херд, Джулиан Уильямс, Шон Портер, Деметриус Андраде, Джош Тейлор сияқты үздік боксшылармен спарринг өткіздім, тіпті әуесқой боксшы болған кезде Эдгар Берланганы жеңдім", - деді Кордейл.Айта кетейік, Кордейл Букердің кәсіпқой рингтегі рекорды – 23-1. Ол 11 жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған. Ал Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы 15 жекпе-жегінде де жеңіске жетіп, оның онында қарсыласын нокаутпен ұтқан болатын. Жәнібек Әлімханұлы 14 шілдеде жаңа зеландиялық боксшы Андрей Михайловичпен жұдырықтасып, IBF және WBO чемпиондық белбеулерін қорғауы керек болған. Бірақ қазақстандық боксшы салмақ қуу кезінде есінен танып, ауруханаға түсті. Осылайша жекпе-жек өтпей қалды.
Белгілі боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
13.08.2024
240
Орта салмақта жұдырықтасатын америкалық боксшы Кордейл Букер IBF және WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек шыққысы келетінін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026