"Өзіңді "тамағына құс ұялаған әншісің" деп бағалаған еді ұстазың Каукен Кенжетаев ағамыз. Неге асықтың, Гүлеке… "Қымбатжан, жаз болса өтіп барады, келсейші Алматыға, немеремді көрсетем, сен де немерелі болып жатырсың, балалар бір-бірін көрсін" деп едің туған күніңде құттықтап сөйлескенімде... Түһ, құдай-ай, әлі бір 100 жыл өмір сүретіндей көреміз осы… Анаң да 40 тан асар аспастан кеткен еді, Эльмира сіңілің ұйқыдан оянбай қалды, тағы бір інің де жас кетті… Қатты құлазыдың… Енді міне өзің де ұйқыдан оянбапсың… Не болды жаным-ай… Үйдің үлкенімін деуші едің, нағашыңды аузыңнан тастамаушы ең, анаң ерте кеткен соң, нағашыңның қолдауын көрдің... Әппақ, таза жүрегіңмен мөлдіретіп салған әнің есімізде қалады енді... Байыр балаңа сабыр тілеймін, ұрпағың аман болсын… Қош бол, Гүлеке”, – деп жазды журналист.Айта кетейік, Гүлнәр Сиқымбаева отбасындағы он бес баланың үлкені. Шымкент іргесіндегі Ленгір ауданындағы Майбұлақ таулы ауылында өскен. 1985 жылы Гүлнәр Сиқымбаева "Гүлдерге" қабылданып, танымал ансамбльде өнер көрсеткен. Қазақ, орыс, түрік, тәжік тілдерінде әндері бар. Қырғызстан және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі.
"Балаңа сабыр тілеймін": Қымбат Досжан Гүлнәр Сиқымбаеваның неден көз жұмғанын айтты (ВИДЕО)
07.10.2024
260
ҚР еңбек сіңірген артисі Гүлнәр Сиқымбаеваның неден көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Өнер иесінің құрбысы, журналист Қымбат Досжан марқұмды еске алды.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026