Азия чемпионаты: Финалға шыққан бес боксшымыз да алтын алды
10.12.2024
266
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Қазақстан құрамасының әйелдер құрамы Азия чемпионатында бес алтын медаль жеңіп алды. Финалға шыққан бес боксшымыз да жеңіске жетіп, алтыннан алқа тақты.
Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақта қытайлық боксшыдан басым түссе, Аида Әбікеева 63 келіде вьетнамдық былғары қолғап шеберін қапы қалдырды.
Сондай-ақ Наталья Богданова (67 келіге дейін) мен Гүлсая Ержан да (81 келіге дейін) қарсыластарынан басым түсіп, алтыннан алқа тақты. Елдана Тәліпова 81 келіден жоғары салмақта өзбекстандық боксшы Сатыбоодиевадан басым түсті.
Осылайша, финалға шыққан бес боксшымыздың бесеуі де Азия чемпионы атанды.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026