«Егер Усман Хамзаттан жеңілмегенде, мен онымен төбелесуге келісер едім. Бірақ өздеріңіз білесіздер, ол соңғы үш жекпе-жегінде де жеңіліп қалды. Енді кемі бір жекпе-жекте жеңіске жетсе, ойланып көремін. Сондықтан қазір Шавкатпен төбелескенім дұрыс. Бәрі Шавкат ешқашан жеңілмеген мықты деп ойлайды. Маған Шавкаттың мыңдаған жанкүйері Instagram-да да жазуда. Мен Шавкатты жеңіп, олардың аузын жабамын, олардың ойы қате екенін дәлелдеймін. Менің соңғы 6-7 жекпе-жегімде жанкүйерлердің бәрі «сені өлтіреді» деп жазған. Мен бәрінде жеңіске жеттім. Осы жолы да Шавкатпен шығамын да, оны жеңемін. Сонда ешкімнің бос әңгімесі болмайды. Егер қазір Усманды жеңсем көпшілік тағы «ол соңғы үш кездесуінде жеңілген, ол әлсіз, тізесі ауырады, бомжды жеңдің» деп шулайды. Ал егер Шавкатты жеңсем, бәрінің аузына құм құйылады. Ол жеңілмеген және барлық жеңісіне мерзімінен бұрын жеткен. Сондықтан да қазір менің жоспарым Шавкатпен жекпе-жек өткізу, оны жеңу», – деді Белал Мухаммад Youtube желісіндегі Submission Radiо арнасына берген сұхбатында.
"Аузын жабамын". UFC чемпионы Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шықпақшы
03.09.2024
283
UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммад титулын қорғау үшін қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шығуды жөн санайды, деп хабарлайды ozgeris.info.
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026