Aуыз бекітпеген адамнан «неге ораза ұстамадың» деп сұрау қаншалықты дұрыс
06.03.2025
285
Астана медресесінің ұстазы Бекзат Азатбекұлы Рамазанда ауыз бекітпеген адамнан "Неге ораза ұстамадың?" деп сұрау қаншалықты дұрыс екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
Дін қызметкерінің айтуынша, ораза ұстау – әркімнің мойнына жүктелген парыз.
"Мен мұсылманмын" деген адам – иманды адам. Оған құлшылық, ғибадат – парыз. Сол құлшылық, ғибадаттың ішіне ораза да кіреді, намаз да кіреді. Енді "неге ұстамадың?" деген сияқты сұрақ қойса, оны міндеттеме емес, жай еске түсіру, ескерту деп қабылдасақ болады. Мысалы, қасындағы адамдар мотивация беріп жіберсе, ары қарай ораза ұстап кететіндей жағдайда жүретін адамдар болады, қасындағы адамдардың бір-екі ауыз сөзін күтіп жүрген адамдар бар, айтқан кезде ұстап кетуі де мүмкін. Ал ары қарай "ұстамаймын" деп жатса, исламда қинау деген нәрсе жоқ. "Неге ұстамадың?" деген сөз еске түсіру мақсатында ғана айтылады. Күнделікті орындалуы қажет болған іс-әрекеттерді де есіне түсіріп жатады ғой. "Неге таңғы шайыңды ішпедің, неге демалмадың?" деп, солардың қатарында деп түсінсе болады", - дейді медресе ұстазы.
Бекзат Азатбекұлының сөзіне сүйенсек, қоғамда ораза ұстағанын, намаз оқитынын мақтан көретіндер бар екені жасырын емес. Шариғатта ондай мінез-құлық рия болып есептеледі.
"Адамның барлығы бірдей дәрежеде шариғатты ұстанып жатқан жоқ қой қазір?! Біреулер мысалы сыртқы келбетімен ғана ұстануы мүмкін. Ішінде ол мүлдем сенбеуі де мүмкін немесе ұстанып жүргендігін мақтан көретіндер болуы мүмкін. Тіпті намаз оқығандығын да мақтан көретіндер болуы мүмкін. Оның бәрін жоққа шығармаймыз. Оның барлығы – қоғамда бар, болып жатқан нәрсе.
Сол сияқты біреу өзінің ораза ұстағанын айтқысы келіп, мақтанып, біреуге "Сен неге ұстамайсың? Мен ұстадым" деп айтып жатса, ол – шариғатта тыйым салынған нәрсе. Рия болып есептеледі. Өзінің амалын көрсету үшін, мақтану үшін жасалған амал. Ал жалпы біреуге ескерту – шариғатта бар нәрсе", - деді Астана медресесінің ұстазы.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026