"2024 жылы Қазақстанның ауылдық жерлерінен 111,4 мың адам көшіп кетті. Бұл 25 жылдан бері алғаш рет орын алды. Қазір халықтың 63 пайызы қалада тұрады. Нәтижесінде бізде ауыл шаруашылығы жоқ, болса да, онымен айналысатын халық жоқ", - деп пікір білдірді Кирилл Павлов.
Ауылдардан халықтың көшуі 25 жылдағы антирекордты жаңартты
05.02.2025
358
Қазақстан ауылдарынан халықтың көшуінің таза көрсеткіші 25 жылдағы антирекордты жаңартты
ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сай, 2024 жылы ауыл халқының көші-қон сальдосы (келгендерден кеткендерді шегергенде) 111,4 мың адамды құрады. Бұл 2000 жылдан бергі, яғни қолжетімді бүкіл бақылау тарихындағы, ең төменгі көрсеткіш.
Бұл көрсеткіш жыл сайын теріс мәнді көрсетеді. Алайда биылғы жағдайдың ерекшелігі – бұған дейінгі жылдардағыдай ондаған мың емес, жүздеген мың адам деңгейінде болуы.
Айта кетерлік жайт, ауыл халқының көші-қон сальдосы барлық өңірде дерлік, Алматы (7,6 мың адам) және Атырау (275 адам) облыстарын қоспағанда, нөлден төмен деңгейде тіркелген. Бұл орайда жалпы көрсеткіштің қалыптасуында халқы ең тығыз шоғырланған өңір – Түркістан облысы шешуші рөл атқарып отыр. Оның үлесі 26%-ды құрады (-29,2 мың адам).
Табиғи өсім теріс мәндегі көші-қон сальдосын өтей алмады: туғандар мен қайтыс болғандар арасындағы айырмашылық 96,8 мың адам деңгейінде болды. Осылайша, көші-қон мен табиғи қозғалыс нәтижесінде ауыл халқы өткен жылмен салыстырғанда 14,6 мың адамға азайды. Бұл ретте қаладағы халық саны, керісінше, 266,8 мың адамға өсті.
Нәтижесінде, жалпы халық құрамындағы қалалықтардың үлесі 0,8 п.т артып, 63%-ға дейін жетті. Урбанизация деңгейі бұған дейін мұндай жоғары көрсеткішке жетпеген сияқты: бұл жерде де 2000 жылдан бергі рекорд.
Саясаттанушылар бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп отыр.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026