Ата-аналар цирк шараларының мектепте өткізілуіне наразылық білдіруде
18.11.2024
178
Астаналық №1 Т. Бигелдинов атындағы мектеп-лицейде сабақ уақытында цирк шарасы өткізілді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Ата-аналардың айтуынша, мектеп әкімшілігі цирк труппасына акт залын жалға беріп, оқушыларды сабақ уақытында шоуға жіберуге рұқсат еткен. Цирк қызметкерлері балаларды тегін фотосессиямен – питон мен қолтырауынмен суретке түсу мүмкіндігімен қызықтырған.
Мектеп оқушысының әкесі Жан Нұрбеков бұл жағдайға наразылығын білдірді:
"Сабақ уақытында мұндай шараларды өткізу қаншалықты дұрыс? Оқушылар білім алудың орнына шоуға қатысады. Менің ұлым білім алу үшін мектепке барады, шоу үшін емес. Оған қоса, мұндай іс-шаралар мектепте бірнеше рет өткізілді," – деді ол.
Кейбір ата-аналар қауіпті жануарлардың мектепке әкелінуіне алаңдаулы.
"Санитарлық талаптарға сай ма? Оқушылардың қауіпсіздігі қаншалықты ескерілген?" – дейді олар.
Бұл жағдай ата-аналардың ғана емес, қоғамның да алаңдаушылығын тудырды. Естеріңізге сала кетейік, биыл Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандық оқушылардың білім деңгейі ОЭСР елдерімен салыстырғанда үш жылға артта екенін айтқан болатын.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026