“Айыпталушылар кедендік шекарадан, кедендік бақылаудан тыс өткізуге тыйым салынған алтын мен зергерлік бұйымдарды бірнеше рет заңсыз жолмен алып келген. Нәтижесінде 2017-2021 жылдар аралығында 19 эпизод бойынша Қазақстаннан Түркияға 5 миллиард теңгеге жуық 190 келі алтын заңсыз тасымалданған. Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және іс материалдарында келтірілген басқа да дәлелдемелермен расталды”, – делінген хабарламада.Прокурор сотталушылар Ж мен Р-ны 11 жылға, Б-ны сегіз жылға, А-ны бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушылар Ж, Р және Б кінәсін мойындамай, ақтау үкімін шығаруды сұрады. Сотталушы А өз кінәсін ішінара мойындады. Сот жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушылардың балаларының болуын ескерді. Ешқандай ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Нәтижесінде Ж мен Р 11 жылға, Б 8 жылға, А 1,5 жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Астанада Түркияға миллиардтаған теңгеге алтын тасымалдаған 4 адам сотталды
20.11.2024
266
Астанада Түркияға миллиардтаған теңгенің алтынын заңсыз тасымалдаған қылмыскерлер түрлі мерзімге сотталды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ж, Р, Б, А есімді 4 адамға қатысты істі қарады. Оларға Қылмыстық кодексінің 264-бабы “Трансұлттық ұйымдасқан топ құру, оған басшылық ету және қатысу”, 234-бабы “Ұйымдасқан топтың құрамында алдын ала сөз байласу арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы өткізуге қатысты декларацияламаумен байланысты шектеулер ерекше ірі мөлшерде белгіленген тауарларды өткізу” бойынша айып тағылды.
2016 жылы Ж және Р Қазақстаннан Түркияға алтынды заңсыз тасымалдаумен және өткізумен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топ құрып, оны басқарған. Артынша өздерінің таныстары мен туыстарын тартқан. 2020 жылы Түркия азаматы А-ны алтынды тасымалдау үшін курьер ретінде пайдаланған.
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026