Астана тұрғыны боди массажды желеу етіп 2 миллиард теңге табыс тапқан
26.12.2024
168
ҚМА Астаналық департаменті боди массаждың атын жамылып, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырып, онымен қоймай қылмыстық кірістерді заңдастырған Астана тұрғынын ұстады.
— 2021-2023 жылдар аралығында Астана тұрғыны жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырып, 2 миллиард теңге қылмыстық табыс алған. Follow the money (ақшаны қадағалаңыз) параллельді қаржылық тергеу күдіктінің шоттарына туыстары мен сенімді тұлғаларының банктік деректемелерін пайдалана отырып, заңдастырудың күрделі схемалары арқылы түскен барлық қылмыстық табысты анықтауға мүмкіндік берді, — делінген хабарламада.
Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында күдікті өз атына ЖШС тіркеп, ауыл шаруашылығы дақылдарын сатып алып, қайта сатқан. Осылайша, ол 88,5 миллион теңгені заңдастырып, 95 миллион теңге қылмыстық табысқа қол жеткізген.
Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа күдікті:
— 350 млн теңгеге салынып жатқан объектідегі ауданы 500 ш. м. коммерциялық үй-жай;
— 92 млн теңгеге өз баласына күтім жасап жүрген жөніндегі жалдамалы қызметкерге тіркелген жалпы ауданы 329,1 ш. м. 5 екі бөлмелі пәтер;
— 667,5 млн теңгеге Астана қаласында жалпы ауданы 784 ш. м. жер учаскелері бар екі коттедж;
— 335,4 млн теңгеге елорданың элиталық тұрғын үй кешендерінде жалпы ауданы 292 ш. м. 2 пәтер мен тұрақ орын;
— 114 млн теңгеге G63 маркалы Mercedes Benz автокөлігін сатып алған.
Сонымен қатар, тінту кезінде 50 млн теңге мен бағалы зергерлік бұйымдар табылып, оларға тыйым салынды.
Тергеудің басталғанын білген күдікті тәркілеуден жалтару үшін 5 екі бөлмелі пәтерді 143,5 миллион теңгеге сатып үлгерген. Пәтер сату арқылы үстінен 51,5 миллион теңге қосымша табысқа кенелгені белгілі болды.
Сот үкімімен ол жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырғаны және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін (ҚР ҚК 309-бап, 218-бап 3-тармағы) 6 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлікі мен пәтерлерді сату арқылы алынған ақшасы тәркіленді, - деп хабарлады ҚМА.
Тергеу нәтижесінде қылмыстық жолмен тапқан 2 миллиард теңгеден асатын қаражатқа сатып алынған барлық мүлік пен сол мүліктен түскен кірістері анықталып, тәркіленді.
Сонымен қатар, пәтерлердің иелері туралы жалған куәлік берген бала күтімі бойынша жалданған қызметкерге қатысты тергеу басталды.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026