"Бүгін Әлихан батырым ортамызда болса он сегіз жасқа толар еді. Мектебін бітіріп, оқуға тапсырып мәре-сәре болып жататын едік қой. Амал нешік? Еске алуға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы N48 мектеп-лицейде бастауыштан 7 сыныпқа дейін бірге оқыған сыныптастары Аймекен мен Сабина, N9 "Зерде" мамандандырылған лицейінде 7 сыныптан 10 сыныптың 3-ші тоқсанына дейін бірге оқыған сыныптастары әрі робот техникасынан топтастары Ерасыл мен Жадыра келіп, достарының басына барып зиярат жасап, құран бағыштап қайттық. Кішкентай күнінен Әлиханның жағдайын сұрап отыратын ардақты Фариза Оңғарсынова апам мен бабамыз Қабанбай батырдың кесенесіне соғып дұға жасадық. Қайтар жолда Қосшы қаласында тұратын сыныптас достарым Нұржан мен Әсел дастархан жайып, Әлиханның рухына құран оқытты. Алла Тағала барлық ізгі амалдарымызды қабылдыққа жазып, Әлихан балапанымның жанын жәннатта қылғай! Өмірден өтсе де достарын ұмытпай келіп жүрген құлыншақтардың тапсырған оқуларына түсіп, елімізге еңбек ететін үлкен мамандық иесі болуын нәсіп еткей! Қашанда қасымнан табылатын Нұржан досыма, көліктерін сайлап, бірге жүрген ауылдас туыс інілерім Бағлан мен Тілеужанға мың алғыс!" - деп жазды ол.
"Арамызда болса, 18 жасқа толар еді": Серікзат Дүйсенғазы марқұм ұлының басына барды
22.07.2024
245
Белігіл ақын Серікзат Дүйсенғазы әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм ұлын есіне алып, жазба жариялады, - деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ақын ұлының сыныстары, достарымен бірге бейіт басына барып, дұға оқыған.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026