“Тұтқынның агрессивті мінез-құлқына байланысты наряд шақыруға мәжбүр болды. Сот жас сотталушыны ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, уақытша ұстау изоляторынан қашқаны үшін өтелмеген жазасын ескере отырып, ақыры оны төрт жыл алты айға бас бостандығынан айырды", – делінген хабарламада.
Ақтөбеде тұтқын полицеймен жанжалдасып, изолятордан қашып кеткен
16.09.2024
326
Ақтөбе облысында полиция қызметкерімен жанжалдасып, уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен ер адам жаңа үкім шықты. Бұл туралы Ozgeris.info тілшісі “Диапазон” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өткен жылдың сәуірінде 20 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны Илья бұзақылық жасап, уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткені үшін 3 жыл 3 айға сотталған. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін қашқын жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің №8 мекемесіне өтеуге жіберілді.
Мекемеде ол қауіпсіздік бөлімінің жедел қызметкерімен қақтығысқа байланысты тағы жаза арқалады. Ол жеке тінту кезінде қызметкердің әрекетін ұнатпай, шынтағымен иығынан ұрып, кейін балағат сөздер айтып, соңында погондарын, бейнетіркегішін жұлып алып, оларды таптай бастаған.
Сотталушыға қатысты "Мекеме қызметкеріне күш қолданамын деп қорқыту" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақтөбенің қылмыстық істер жөніндегі сотында іс қаралды. Айыпталушы қызметкердің өзі бірнеше рет аты-жөнін сұрап, оған дөрекі сөйлегенін алға тартты.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026